ПОДЕЛИТЬСЯ
02 мамыр 2019 | 10:09
Қостанайда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті
Қостанайда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Диапазон".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Диапазон".
Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таяуда түскі уақытта болған.
"Қостанайда әл-Фараби даңғылы мен Чехов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншіге арналған жолда әйелді көлік қағып кетті. Көлік тізгінінде Рудный учаскелік полиция инспекторы болған", - деді ведомство өкілдері.
Учаскелік полицей 1971 жылғы зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.Қазіргі уақытта әйел Қостанай қалалық ауруханасында жатыр.
Показать комментарии
Читайте также