05 ақпан 2015 15:04

Қостанайда полицейдің не себепті атылып өлмек болғаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kstnews.kz ©Kstnews.kz

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі Қостанай ІІБ қызметкерінің суицидке баруының алдын ала себебі жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі Қостанай ІІБ қызметкерінің суицидке баруының алдын ала себебі жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқиғаға оның жуырда қызымен ұрысып қалуы себеп болуы мүмкін", - делінген полицияның баспасөз хабарламасында. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанай ішкі істер басқармасы қызметкерінің өз автокөлігінде атылып өлмекші болғаны туралы хабарланған болатын. "Қостанай қаласы ішкі істер басқармасы қызметкерінің суицид жасауға әрекеттенуі дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлаған еді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. Оның айтуынша, Қостанай ішкі істер басқармасының өзін-өзі өлтірмек болған қызметкері қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға кезінде Майлин мен Жеңіс көшелерінің қиылысындағы жолдың бөлігі қоршауға алынды, ол жерде қара түсті Lada маркалы автокөлік тұрды. Куәгерлер көліктегі ер адамның өзіне-өзі оқ атқанын және ол жерге жедел жәрдем дәрігерлері келгенін айтты. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети