13 мамыр 2015 18:18

Қостанайда тағы бір бойжеткен өлі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Vk.com әлеуметтік желісінен Vk.com әлеуметтік желісінен

Қостанайда тағы бір бойжеткен өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталы.


Қостанайда тағы бір бойжеткен өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталы.

Полицияға Жетіқара тұрғыны хабарласып, 17 жастағы Нина Стафееваның 1 мамырдан бері із-түссіз кеткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, қыз достарымен бірге табиғатта демалып, сонда түнеуге кеткен. Түн ортасында ол достарынан ұзап кеткен де, қайта оралмаған.

Қыздың денесі 12 мамырда Желқуар өзенінен табылды. Оның денесінде зорлық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, Нина Стафеева суға ағып кеткен. Осы деректерге сәйкес "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаза болған қыздың денесін толық зерттеу үшін жедел тергеу тобы құрылды.

Айта кету керек, бұған дейін Қостанайда осыған ұқсас жағдай болған еді. 4 мамырда 17 жастағы студент қыз Нұргүл Ағыбаеваның өлі денесі табылды. Полицейлер оны Тобыл өзенінен тапты. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі қыздың суға тұншығып өлгенін хабарлады. Қыздың денесінен зорлық белгілері табылмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети