16 қыркүйек 2016 18:03

Қостанайда тәулік ішінде үш жаяу жүргіншіні қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti-yamal.ru © vesti-yamal.ru

Қостанай қаласының әр түрлі ауданында 14-і мен 15-і аралығында үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Алау порталы. Бұл мәліметті облыстық ІІД растап берді.


Қостанай қаласының әр түрлі ауданында 14-і мен 15-і аралығында үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Алау порталы. Бұл мәліметті облыстық ІІД растап берді.

14 қыркүйекте шамамен сағат 21.00-де Қарбышев көшесінде Nissan Almera автокөлігі жаяу жүргіншіге өтуге рұқсат етілмеген жерден өткен 62 жастағы адамды қағып кеткен. Ол жарақат алып ауруханаға жеткізілген. Оның бас сүйек миы зақымданған. Жүргізуші сау болған. 

15 қыркүйекте шамамен сағат 08.00-де Гвардейская көшесінің бойында орналасқан "Фараон" клубының жанында "ВАЗ-21114" көлігі 50 жастағы әйелді қағып кеткен. Ол дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген. 

Осы күні сағат 14.35-те Герцен көшесінің бойында "ВАЗ — 2115" көлігінің 69 жастағы жүргізушісі 27 жастағы жігітті қағып кеткен. Зардап шегуші ауруханаға жеткізлген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети