03 наурыз 2015 17:02

Қостанайда төбелестен кейін ІІМ академиясының 9 курсанты қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ІІМ Қостанай Академиясының курсанттары. ©akuis.kz ІІМ Қостанай Академиясының курсанттары. ©akuis.kz

Қостанайда болған төбелестен кейін Қазақстанның ІІМ академиясының тоғыз курсанты оқу орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды "Наша Газета". Бейресми мәліметтерге қарағанда, Қостанайдағы жаппай төбелес екінші курс студенттерінің арасында аумақты тазалау кезінде өзара келіспеушіліктен туындаған.

Қашып кеткен тоғыз курсант - академияда үкіметаралық келісім бойынша оқып жатқан Тәжікстан азаматтары. Төбелестен кейін оларға оқу орнының аумағынан асығыс кетуге тура келген, сондықтан олар қоршаудан секіре қашқан. Кейін олардың сол түнді жалдамалы пәтерде өткізіп, таңертең академияға қайтып келгендері белгілі болды.

Порталдың мәліметінше, наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түні осы оқиғаға байланысты Қостанайдағы ІІМ академиясына полиция қызметкерлері мен тәжік қауымдастығының басшысы Эргашвой Холметов барды. "Мен расында да академияға бардым, балалар қайтып келді, олармен сөйлестім. (...) Екі тарап та кінәлі деп есептеймін. Жас кезде кім төбелеспейді...", - деді Қостанай облыстық "Шарк" тәжік ұлттық-мәдени орталығының басшысы Эргашвой Холметов.

Қостанайдағы төбелес академияның демалыста жүрген басшысы Мейірлан Қызыловтың жұмысқа шығуына себеп болды. "Қазіргі таңда ештеңе айта алмаймын, тексеріліп жатыр, толығырақ кейін хабарланады", - деді академия басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети