28 қараша 2014 10:19

Қостанайда топырақ астында қалған екі жұмысшы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©kstnews.kz Оқиға орны. ©kstnews.kz

Қостанайда Фролов көшесіндегі коллекторда екі жұмысшы опырылған топырақ астында қалып, қаза тапты, зардап шеккен тағы бір адам аман қалды,  -деп хабарлайды Kstnews.kz. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 27 қараша күні 15.00 шамасында болды.

Оқиға орнына жедел жәрдемнің төрт көлігі мен өртке қарсы қызметтің екі машинасы келді. Жұмысшылар жеті метр тереңдікте дәнекерлеу жұмысын жүргізген. Топырақ астында қалған жұмысшыларды іздеуге қызмет иттері пайдаланылды. Қайтыс болған жұмысшылар - 35 пен 38-де. 

Төтенше оқиғаның себебі анықталып жатыр, ал Қостанай әкімінің орынбасары Валерий Полешко қауіпсіздік ережелері бұзылған деп мәлімдеді. Ақпарат құралдарының мәліметінше, мердігер сақтандыру қалыбын бекітпеген. Жұмыстарды "Балқаш Трубомонтаж" ЖШС жүргізген. Бас мердігер - "Аяз" ЖШС. 

Қостанай облыстық ІІД мамандары төтенше оқиға дерегі бойынша "Қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуы" бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. "Топырақ құлаған жерде төтенше жағдайлар департаментінің және Қостанай облыстық ІІД тергеу-жедел тобының қызметкерлері жұмыс істеді", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети