06 қыркүйек 2017 16:35

Қостанайда үйге қаптап кеткен бүйілер тұрғындардың зәресін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанайда үйге қаптап кеткен бүйілер тұрғындардың зәресін алды, - деп хабарлайды "Костанайские новости"


Қостанайда үйге қаптап кеткен бүйілер тұрғындардың зәресін алды, - деп хабарлайды "Костанайские новости"

"Бірінші бір өрмекшіні тапқан. Оның көлемі үлкен болды, кемінде үш сантиметр. Қызым интернеттен оны қарап шықты, оның оңтүстікресейлік бүйі екені анықталды. Біз енді ғана Геленджиктен келген едік. Сол жақтан алып келдік пе деген ой келді. Таяуда тағы біреуін тауып алдық", - дейді Ольга Бутеля. 

Отбасы жаңа "көршілерінен" қатты қорыққан. Өрмекшілерді шыны ыдысқа салып, мамандарға көрсеткен. Бірнеше күннен кейін қақпағын ашқан кезде, бөлмеге жағымсыз иіс тараған.

Облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері бүйіні қарап шығып, оның мизгирь екенін, яғни оңтүстікресейлік бүйі екенін айтқан. 

"Ол сіздің үйіңізге есіктен не терезеден кіруі мүмкін. Олар көп жерде жүреді, алайда өзі тұратын жерді басып алады. Шаққан жағдайда адамға ыңғайсыздықтар туғызады. Ол үлкен ара секілді, шаққан кезде көп уақыт бойы ауырып жүреді. Бүйілер бірін-бірі жей берді", - деді биолог маман. 

Маманның айтуынша, Бутеляның үйіне келген бүйі тұқымдап, балаларын жайып үлгерген. Бірақ ол бүйілердің қайтып келу-келмеуін нақты айта алмады. Үй иелеріне бүйінің ініне су құюды ұсынған. 

"Олардың өздері үшін сіздердің үйге қоныстанғаны ыңғайсыздық туғызды, - деп қорытындылады сөзін Андрей Андрющенко, - алайда олар сіздерге шабуыл жасамайды". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети