02 қараша 2015 13:23

Қостанайда зейнеткерді қағып өлтірген жүргізуші асылып қалды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© crimea-24.com © crimea-24.com

Қостанайда зейнеткерді қағып өлтірген жүргізуші асылып қалды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".


Қостанайда зейнеткерді қағып өлтірген жүргізуші асылып қалды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Өңірлік басылымның мәліметінше, оқиға 31 қазанда болған. Жаяу жүргіншілер жолында 1937 жылғы әйелді тіркемесі бар "КамАЗ" басып өтті. Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Юрий Панасенконың айтуынша, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Бейресми мәліметтер бойынша, жүргізуші болған оқиғадан кейін асылып қалған, оның үш баласы бар. ІІД комментарийін күтіп отырмыз", - делінген өңірлік БАҚ жарияланымында.

Айта кетейік, ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "КН" тобында оқиға болған жерде осыдан 20 жыл бұрын сол зейнеткердің қызын көліктің қағып кеткені туралы хабарламалар пайда болды. Сонымен қатар, оқиғадан кейін тұрғындар жаяу жүргіншілер жолының белгісін қойып, мәселені реттеуді талап еткен, қазіргі таңда мамандар бұл мәселенің қаралатынын айтып отыр.

Еске сала кетейік, 29 қазанда Қостанайда бір қызды жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті. Куәгерлер түсірген видеодан автокөліктің қызды жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткенін көруге болады. Зардап шеккен қыз аурухаға жеткізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети