Қостанайдағы MART орталығында екі адам зардап шекті

01 Тамыз 2014, 16:51
0
Қостанайдағы MART орталығында екі адам зардап шекті - ©Kostanay.net
©Kostanay.net
Қостанайдағы MART орталығында екі адам зардап шекті - Оқиға орны.  ©Anzhela Slyusar
Оқиға орны. ©Anzhela Slyusar

Қостанайдағы MART сауда - ойын-сауық орталығында болған төтенше оқиғаның жай-жапсары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 шілде күні төтенше оқиға MART сауда орталығындағы жөндеу жұмыстары кезінде болды. Жұмысшылар ғимараттың астыңғы және бірінші қабатында жөндеу жүргізіп жатқан. "Ойық эскалатордың үстінде болатын, эскалатор ғимараттың төменгі қабатына апарады. Жөндеу жұмыстары кезінде профнастил мен кеуіп үлгермеген бетон опырылып кетті, оның ауданы - 12 шаршы метр. Оқыс оқиғаның салдарынан екі адам зардап шекті. 1958 жылы туған ер адамның миы шайқалып, оң жақтағы үшінші және төртінші қабырғасын сындырып алды - оған профнастил мен бетон құлаған. Ал эскалаторда келе жатқан қыздың үстіне құм мен қиыршық тас түсіп кетті. 1996 жылы туған қыз баланың жіліншігі жырылды. Екеуі де қалалық ауруханаға түсті", - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметкерлері.

Ал облыстық ішкі істер департаменті мамандарының хабарлауынша, бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Қостанайдағы MART орталығының басқарушы компаниясының директоры Азат Сандалов зардап шегушілермен кездескенін айтты. "Біз зардап шеккендердің екеуіне де ауруханада емделу үшін қаражат қажет болса, көмек береміз. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарына уақытынан бұрын кіріскен, әдетте ағымдағы жөндеу жұмыстары түнгі, жұмыстан тыс уақытта - 23.00 - 08.00 аралығында болатын. Қазір мәселені қарап жатырмыз, тергеуге көмектесіп отырмыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, мұның алдында Қостанайдағы MART сауда орталығында эскалаторға бетон қоспасы құлағаны хабарланған еді. Бұл кезде эскалатордан адамдар өтіп жатқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай