16 қараша 2017 15:13

Қостанайдағы дәрігердің өлімі: Прокурорлар сотталушылардың шағымдарын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Марат Әбішев психиатр Раушан Сандыбаеваның өліміне қатысты істің мән-жайын айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Марат Әбішев психиатр Раушан Сандыбаеваның өліміне қатысты істің мән-жайын айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"25 қазанда сот залында сотталушылар Гафаров пен Китібаев оларды азаптағандарын айтты. Бұл туралы БАҚ-тарда да жазылды. Прокурордың бұйрығымен жемқорлыққа қарсы қызметтегілер олардың мәлімдемелерін тексерді. Сотталушылар берген түсініктемелер тергеу барысында расталмады, сондықтан полицейлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. 9 қарашада келісілген процессуалдық шешім ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қабылданды", - деді прокурор.

Сондай-ақ, прокурордың айтуынша,  бүгін, 16 қарашада осы қылмыстық іске қатысты сот тыңдалымы өтті.

Еске салайық, 20 ақпанда бас дәрігер Рашида Сандыбаева өлі табылған еді. Оған өз пәтерінде шабуыл жасалған. Оған белгісіздер 30 рет пышақ ұрған. Туыстары мен жақындарының айтуынша, жарақаты бұдан да көп болған. "Жәбірленушінің бетінен жарақаты көрініп тұрды, кастетпен ұрған сияқты. Денесінде сау жері жоқ. Рашида Қоахметқызының тойтарыс бергісі келгенін, босап шығуға әрекеттенгені көрініп тұр", - деді марқұмның құрбысы.  

Ал бір апта өткеннен кейін полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен үш адамды ұстады, олардың ішінде 1977 және 1991 жылғы екеуі қамауға алынды. Үшіншісі, бейресми мәлімет көздерінің сөзі бойынша, Талғар емханасының емделушісі екен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынбаған. Күдіктілерді полицейлер бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Кісі өлтіргеннен кейін екеуі қаладан қашып кеткен, олар Қарағандыдан ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети