29 қаңтар 2016 19:35

Қостанайдың орталық базарының маңында жатақхана өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ng.kz © ng.kz

Қостанайдың орталық базарының маңында, Байтұрсынов көшесінің бойындағы екі қабатты жатақхана өртеніп кетті, - деп хабарлайды NG.kz басылымы. Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен 15.00-де басталған. 


Қостанайдың орталық базарының маңында, Байтұрсынов көшесінің бойындағы екі қабатты жатақхана өртеніп кетті, - деп хабарлайды NG.kz басылымы. Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен 15.00-де басталған. 

Расталмаған мәліметтер бойынша, жатақхана тұрғындары өрт ғимаратты толықтай шарпымай тұрып шығып кетіпті. Жатақханада 26 пәтер болған, әрқайсысында газ баллоны немесе электр плитасы болған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жайлы мәлімет жоқ.


© ng.kz

"Өртті сөндіру қиын, себебі ғимараттың құрылысы түсініксіз. Ғимаратта газ баллоны көп, екі баллон жарылды", - деп хабарлады №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Сарат Нуркин. 

Екінші жарылыс тілшілердің көз алдарында болыпты. Бұдан кейін полицейлер көшедегілерді ғимарат маңынан алыстатқан. Сонымен қатар, көше бойында тұрған көліктер көп болғандықтан, өрт сөндірушілердің өрт ошағына көп уақыт бойы жақындай алмағаны айтылады. Полицейлер осыдан кейін көлік иелерін іздеуге мәжбүр болған.


© ng.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети