01 шілде 2017 15:12

Қостанайлық 10 жасар баланың өлімі: Істің адамшошырлық мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанайда өлі табылған 10 жастағы Ришат Харикоғлыға қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.


Қостанайда өлі табылған 10 жастағы Ришат Харикоғлыға қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Басылымның мәліметінше, полицейлер бұл қайғылы оқиғада криминалдық деректерді анықтады. Тергеу барысында бала суға батып кеткен сәтте жалғыз болмағаны белгілі болды.

Еске салайық, Ришат Харикоғлы 24 маусымда "Садовод-Строитель-КСК" саяжайында жоғалған. Мұнда ол туыстарына қонаққа келген. Баланы үш күн іздестірген, кейіннен полицейлер баланы Тобыл өзенінде өлі күйінде тапқан болатын.

Ришаттың өзенге үш досымен бірге барғаны анықталды. Бала батып бара жатқан сәтте досы оған көмектеспек болған, бірақ өкінішке қарай, ол Ришатты құтқара алмаған.

Содан балалар қорыққандарынан оның киімдерін көміп тастап, бұл жағдай жайлы ешкімге ештеңе айтпаған. Үш күн бойы үн-түнсіз жүрген. Прокуратура өкілдері балаларды ювеналдық полицияға есеп қойғандарын және оларға қатысты басқа жазаның қолданбайтынын айтып өтті.

"Олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ, себебі олар бұл қылмыстың субъектісі емес. Кәмелетке толмаған балалардың түсініктемелеріне қарағанда мұнда қасақана адам өлтіру немесе оны суға батырып жіберу дерегі жоқ", - деді Қостанай қалалық прокурордың орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети