Қостанайлық азаматқа туу туралы куәліктің орнына қайтыс болғандығы туралы анықтама берілген

23 Қыркүйек 2015, 16:02
1
Қостанайлық азаматқа туу туралы куәліктің орнына қайтыс болғандығы туралы анықтама берілген - © Infocall.bg
© Infocall.bg

Қостанай тұрғынына туу туралы куәлікті қайта берудің орнына қайтыс болғандығы туралы анықтама берілген, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Құжатты беру туралы өтінішті ер адам қалалық АҚАЖ-ға берген. Оған былай деп жауап келеді: "Сізге қайтыс болу туралы анықтаманы екінші рет беру қарастырылып жатыр. Осыған орай ХҚКО-ға хабарласуға кеңес береміз". Бұл қателікке Қостанай тұрғыны түсіністікпен қарап, ұзақ өмір сүретініне жорыды.

"Біз азаматтан кешірім сұрауға дайынбыз. Адамның мұндай жағдайда қалғаны әрине ыңғайсыз. Біздің бөлімшеде мені қосқанда бес маман бар. Біз тоғыз мемлекеттік қызмет түрін көрсетеміз. Сондықтан да кейде шатысып қаламыз", - деді Қостанай облыстық АҚАЖ бөлімінің жетекшісі Нұргүл Қойшыбаева.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай