23 тамыз 2016 11:24

Қостанайлық экс-полицей өзін түрмеге қамауды сұрап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© relasko.ru © relasko.ru

Қостанайда 60 мың теңге көлемінде пара алған полицейдің соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Наш Костанай".


Қостанайда 60 мың теңге көлемінде пара алған полицейдің соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Наш Костанай".

25 жастағы Ералы Молдыбаев - жол-патрульдік қызметінің бұрынғы сержанты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ("Пара алу") айыпталып жатыр. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өз ісіне өкінетінін мәлімдеді. Алайда прокурор Молдыбаевқа пара көлемінің 60 есе мөлшерінде айыппұл салуды, мүлкін тәркілеуді және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына айыруды талап етті. Мұнымен қатар, мемлекеттік айыптаушы Молдыбаевты сержант шенінен айырып, оның "Лада" автомобилін мемлекет кірісіне өндіруді сұрады. 

Өз кезегінде тараптарды қатар тыңдау кезеңінде сотталушы қыруар сомадағы айыппұлды өтей алмайтынын айтып, сондықтан 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Экс-полицейдің асырауында әйелі мен бір жасар баласы бар екен.

Еске салайық, 60 мың теңге көлеміндегі параны полицей биыл шілдеде алған. Қызмет бабында полицей ресейлік номері бар көлікті тоқтатқан. Көлік салонына жақындағанда, ол жақтан алкоголь иісін сезген. Жүргізуші осы кезде ішкенін мойындап, мәселені оқиға орнында шешуді ұсынады. Сотталушы телефонына 70 мың теңге деп жазып, жүргізушіге көрсеткен. Ол келісім беріп, полицейге 50 мың теңге берген. Ал қалған сомасын кейінірек жеткізіп беретініне уәде беріпті. Бірақ екі апта өткенде жүргізуші райынан қайтып, антикоррупциялық қызметке хабар берген. 22 шілдеде ол сотталушымен 10 мың теңгені беру үшін кездеседі. Бірақ ақшаны өткізгеннен кейін Молдыбаев ұсталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети