02 тамыз 2017 12:21

Қойдың басын үйітпек болған жасөспірім күйік шалып, ауыр халде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Амангелді ауданында 15 жастағы жасөспірім қойдың басын үйітпек болғанда өзі өртеніп кете жаздаған. Қазір ол денесін 50 пайыз күйік шалғандықтан ауруханада жатыр, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".


Амангелді ауданында 15 жастағы жасөспірім қойдың басын үйітпек болғанда өзі өртеніп кете жаздаған. Қазір ол денесін 50 пайыз күйік шалғандықтан ауруханада жатыр, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".

Бұл оқиға жайында жасөспірімнің әпкесі Дина Байтас айтып берді. 

"Қостөбе ауылында болды. Ер адамдар қой сойған, соның басын үйіту керек болды. Ол күні аптап ыстық еді. Ұланға қойдың басын қораға барып үйіт деген. Қораға кіріп оттың жалынын күшейтпек болған. Сөйтіп отырғанда от шашатын құралды өзіне бұрған сәтте газ кетіп, үстіндегі футболка, шолақ шалбар мен іш киімі де бірден лап берген...", - дейді ол. 

Жасөспірімді облыстық балалар ауруханасына жеткізу үшін санитарлық авиация қолданылған. Ұланның жағдай ауыр болған.

"Қазір оған 6 операция жасалды. Қатты қиналып жатыр... Тіпті таңу да жалпы наркоз арқылы жасалады", - дейді әпкесі. 

Аурухананың травматологиялық бөлімінің жетекшісі Дмитрий Герасимов қазіргі кезде жасөспірімнің жағдайы тұрақты ауыр екенін мәлімдеді.

"Есін жиған кезде ата-анасымен сөйлеседі. Бетіне жалын тимеген, алайда, аяғынан ішіне дейін қатты күйіп қалған", - дейді дәрігер. 

Қазіргі кезде Ұлан үшін ең бастысы уақытылы қан ауыстыру болып отыр. Осы себепті баланың туыстары қостанайлықтардан көмек сұрап отыр. Кез келген қан тобы жарай береді. Донор болам деушілер облыстық қан орталығына (Быковского көшесі, 4 а, тел. 8(7142)266-308) хабарласса болады. 

Он бес жастағы Ұлан тоғызыншы сыныпты аяқтаған. Әкесі малшы, ала анасы жұмыс істемейтінін айта кетейік. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети