14 ақпан 2017 16:42

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі отбасымен бірге өрттен қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қорғаныс министрлігінің № 53898 әскери бөлімінің ұшқышы Еркін Үдербаев ҚР Қорғаныс министрлігінің № 53898 әскери бөлімінің ұшқышы Еркін Үдербаев

Балқаш қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйде болған өрттен ҚР Қорғаныс министрлігінің № 53898 әскери бөлімінің қызметшісі Еркін Үдербаев қаза болды. Сондай-ақ, төтенше жағдайдан ұшқыштың 29 жастағы әйелі мен 2 жасар ұлы қаза тапқан. Қайғылы оқиға 12 ақпанға қараған түні болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өрт бесқабатты үйдің бірінші қабатында болған. Өрттің аумағы 30 шаршы метрді қамтыды. Үйден 14 адам эвакуацияланды. Оқиға орнынан 4 адамның денесі табылды. Олардың біреуін әлі таныған жоқ", - деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Әскери бөлімнің майоры Бақыт Жұманов офицердің жерлеу рәсімі туған жері Ақтөбеде болатынын айтты.

"33 жаста еді. Біздің бөлімде 2013 жылдан бері қызмет етті. Өзін мықты маман әрі білікті кәсіп иесі ретінде көрсетті. Сондай-ақ, ол жақсы отағасы болатын", - деді әскери бөлімнің майоры.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети