09 наурыз 2017 15:53

ҚР СІМ Ресейде 7-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деп ұсталған қазақстандыққа қатысты мәліметті тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 0382.ua © 0382.ua

ҚР СІМ өкілдері Мәскеу түбіндегі Подольскіде жетінші сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен ұсталған ер адамның расында да Қазақстан азаматы ма, жоқ па - тексеріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Еске сала кетейік, 7 наурызда ресейлік басылымдардың бірі жұмыссыз жүрген қазақстандықтың ұсталғаны жайлы хабарлаған болатын. 20 жастағы ер адам 2016 жылдың қаңтар айынан ақпан айына дейін 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді. Ол денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, абайсызда адам өлтіргені үшін айыпталып отыр.

"Ұсталған ер адамның расында да Қазақстан азаматы екені анықталса Ресейдегі Қазақстан елшілігі тергеу жұмыстарына көмектесетін болады. Сондай-ақ, олар Қазақстан азаматына консультативтік-құқықтық көмек беруге қатысты шараларды қолданады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети