13 тамыз 2014 14:23

Құбыр желісіндегі апат Курчатовты сусыз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Курчатов қаласы. ©РИА Новости Курчатов қаласы. ©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласы сусыз қалды деп хабарлайды облыстағы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. 


Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласы сусыз қалды деп хабарлайды облыстағы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. 

Таң сәріде құбырдың жарылуы салдарынан суық су тоқтатылды. Апат орын алған жерге күрделі жөндеу бригадасы, өрт сөндіру техникасы және мемлекеттік коммунальдық кәсіпорын қызметтеркерлері жедел жетті. Қазір қала халқын ауызсумен қамтамасыз етуде ауызсу қоры пайдаланылып жатыр.

Курчатов қаласы КСРО-ның алғашқы атом және термоядролық бомбасы сыналған тәжірибе алаңынан 45 шақырымда орналасқан. Кейіннен Семей полигоны жабылды, алайда қала ядролық физика саласындағы зерттеу орталығы боп қала берді. 1991 жылы онда Геологиялық зерттеулер институты, Ядролық физика институты, Атом энергиясы институты сынды көптеген еншілес компаниялары бар ҚР Ұлттық ядролық орталығы ашылды. Бұл - қала экономикасын көтеруші бірден-бір кәсіпорын.

Курчатов - Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына басты бақталастырушы қала. Бұл ретте Балқаш көлі маңындағы территория да қарастырылады. Қазақстандағы, негізінен, Курчатовтағы  АЭС құрылысына Ресейдің қатысуындағы алғашқы меморандумға қол қойылып та қойған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети