Атырау облысы Құлсары қаласында балабақша маңындағы қоймадан өрт шығып, салдарынан балалар шұғыл түрде эвакуацияланды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Атырау облысы Құлсары қаласында балабақша маңындағы қоймадан өрт шығып, салдарынан балалар шұғыл түрде эвакуацияланды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Instagram желісіндегі zello_atyrau автомобиль парақшасында балабақшадан балаларды эвакуациялау сәті түсірілген видео жарияланды. Видеодан әйелдің балаларды балабақшадан алып шығып келе жатқаны көрінеді. Осыдан кейін балалармен бірге ересек адамдар да шығады. Қою түтіннен өртеніп жатқан ғимарат көрінбейді.
Қалалық ТЖД кезекші бөлімінің өкілдері болса басылымға өрттің балабақша маңындағы дүкендердің бірінің қоймасынан шыққанын хабарлапты. Өрт түскі уақытта шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.