Құлсарыда балабақша маңындағы қоймадан өрт шықты: Балалар эвакуацияланды

20 Қаңтар 2017, 17:08
0
Құлсарыда балабақша маңындағы қоймадан өрт шықты: Балалар эвакуацияланды -

Атырау облысы Құлсары қаласында балабақша маңындағы қоймадан өрт шығып, салдарынан балалар шұғыл түрде эвакуацияланды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Instagram желісіндегі zello_atyrau автомобиль парақшасында балабақшадан балаларды эвакуациялау сәті түсірілген видео жарияланды. Видеодан әйелдің балаларды балабақшадан алып шығып келе жатқаны көрінеді. Осыдан кейін балалармен бірге ересек адамдар да шығады. Қою түтіннен өртеніп жатқан ғимарат көрінбейді.

Қалалық ТЖД кезекші бөлімінің өкілдері болса басылымға өрттің балабақша маңындағы дүкендердің бірінің қоймасынан шыққанын хабарлапты. Өрт түскі уақытта шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай