12 тамыз 2014 11:27

Курчатовта сынап төгілген жер табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан.

Курчатов қаласында жерге сынап төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің сілтеме жасап.


Курчатов қаласында жерге сынап төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің сілтеме жасап.

"11 тамыз күні сағат 08.40-та Курчатов қаласы, Жылуэнергетиктер көшесіндегі №1 гараждар тобының аумағында №178 гараждың жанынан төгілген сынап табылды. Полиция бөлімшесі қызметкерлерінің (үш адам мен бір техника), облыстық ТЖД қызметінің (10 адам, бір техника) арнайы шаралары барысында сынап топырақпен бірге екі литрлік ыдысқа жиналды, жалпы салмағы 22 келі болды, сынаптың өз салмағы - шамамен 1 келі", - деп түсінік берді ШҚО ТЖД мамандары,

Еске сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында Өскеменде тұрғын үй маңына сынап төгілген болатын. Жергілікті тұрғындардың бірі қоқыс контейнері ауданынан екі келіге жуық сынапты тапты. Құтқарушылар сынапты жинап алып, ары қарай залалсыздандыру үшін полиция қызметкерлеріне берді. Сынап төгілген орын калий перманганатымен өңделді. Оның алдында сәуір айында Өскемендегі тұрғын үйлердің маңында 15-20 мл-ге жуық сынаптың төгілгені анықталған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети