02 шілде 2014 12:03

Күшті жел салдарынан кран автобусқа зақым келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/"Территория происшествий" ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда кран жолаушылар автобусына зақым келтірді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда кран жолаушылар автобусына зақым келтірді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Төтенше оқиға 2 шілдеге қараған түні Момышұлы көшесінің Рысқұлов даңғылынан төмен тұсында болды. Кран жүкті көтере бергенде күшті жел тұрып, соның салдарынан краншы жүкке ие бола алмай қалған. Техника жүгімен бірге №7 бағыттағы автобусты, кейін ауыр жүк көлігін зақымдады. Бұл кезде абырой болып, автобуста жолаушылар отырмады, жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Автобустың артқы бөлігі майысып қалды. Оқиға орнына құқық қорғау органдары қызметкерлері келді. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда тежегіші істен шыққан "КамАЗ"-дың төрт автокөлікті соғып өткені хабарланған болатын. Жүк көлігі Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Тежегіші істен шыққан кезде ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Subaru-ды қағып өтті де, Daewoo Nexia, Toyota Rav 4 және Mercedes көліктеріне соғылды. Бұл оқиға салдарынан үш адам зардап шекті.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети