30 наурыз 2015 11:38

Қырғызстан аумағына бөтен төлқұжатпен өтпек болған қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.headline.kz ©news.headline.kz

Қазақстан азаматшасы бөтен біреудің төлқұжатын пайдаланып Қырғызстан аумағына өтіп кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға 29 наурыз күні болған. Бөтен төлқұжатты пайдаланып Қырғызстан аумағына өтпекші болған қазақстандықты шекара жасағы "Кен-Булун-автодорожный" өткізу бекетінде ұстады.

"Ұсталған азаматша Қазақстаннан Қырғызстан аумағына өтіп кетпекші болған. Қазақстандыққа қатысты тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін, ол Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Иссык-Ата аудандық басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғыз Республикасында Қазақстанның қарулы азаматының ұсталғаны хабарланған болатын. Ол 19 ақпанда "Ақ-жол автожолы" бақылау-өткізу бекетінде травматикалық тапаншамен ұсталды. Ол Қазақстаннан Қырғызстан аумағына өтпекші болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети