20 сәуір 2015 11:13

Қырғызстан шекарасында табылған оқ-дәрі қазақстандыққа тиесілі болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ca-news.org © ca-news.org

Қырғызстан шекарасында табылған оқ-дәрі қазақстандыққа тиесілі болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.


Қырғызстан шекарасында табылған оқ-дәрі қазақстандыққа тиесілі болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, 19 сәуірде “Чалдыбар-Автодорожный” бақылау-өткізу бекетінде Audi 100 автокөлігін тексеру барысында 16 миллиметр калибрлі 1 оқ-дәрі табылған.

"Қазіргі таңда оқ-дәрінің Қазақстан азаматына тиесілі екені анықталып отыр. Ол Қырғызстаннан Қазақстан аумағына өтпекші болған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан азаматына қатысты тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін ол Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғыз Республикасында Қазақстанның қарулы азаматының ұсталғаны хабарланған болатын. "Ұсталған азаматқа тиесілі Lexus GS-300 автокөлігін тексеру барысында "Ақ-жол автожолы" бекетінің шекарашылары көліктен “Лидер” тапаншасы мен жеті оқты тауып, тәркіледі. Қазақстан азаматының қаруды қолдануға рұқсат берген құжаттарының мерзімі өтіп кеткені анықталды", - деп хабарлады шекарашылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети