Қытайға GPS-навигаторларды заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды

11 Желтоқсан 2014, 11:37
0
Қытайға GPS-навигаторларды заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды - GPS-навигатор. ©ru.wikipedia.org
GPS-навигатор. ©ru.wikipedia.org

Қазақстандық шекарашылар Қытайға 80 дана GPS-навигаторды заңсыз алып өтпек болған азаматты ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

"Еліміздің шығысындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 7 қорапқа салынған, жалпы саны 80 дана болатын "Тракинг – Пивайс" аталатын GPS-навигаторларын жасырын әкетіп бара жатқан Қазақстанның 39 жастағы азаматын ұстады", - делінген хабарламада.

Үрімжі – Алматы бағытындағы автобуспен келе жатқан азаматтың аталған заттарды алып өтуге қажетті құжаттары жоқ болып шықты. Бұл дерек бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді. Тергеу амалары басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында 45 дана iPhone 6 телефоны бар Қырғызстан азаматының ұсталғаны хабарланған еді. Ол смартфондарды Шаржы - Алматы әуе рейсімен Қазақстан аумағына заңсыз алып кірмек болған. Бұл дерек бойынша Алматы қаласы кедендік бақылау департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бабы 209-тармағымен (экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғады.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай