Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қызылжарлық тұрғын әйелінің "қайтыс болуына" байланысты қызына туу туралы куәлік ала алмады

13 Наурыз 2014, 15:56
0
Туу туралы куәлік
Туу туралы куәлік
Қызылжар тұрғыны әйелінің "қайтыс болуына" байланысты қызына туу туралы куәлік ала алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылжарлық тұрғын Ерлан Алтыбазаров өзінің жұбайының "қайтыс болғанын" қалалық ХҚКО-нан қызына туу туралы куәлік алатын кезде білген. Ер адам дәл осы жерде өзінің жары, екі баланың анасы Сымбат Бердалинаның бірнеше жылдан бері қайтыс болған деп есептелгенін хабарлады.

"Мен мұны естігенде, өзімді өте нашар сезіндім. Тірі адамды мұндағылар жерлеп тастаған, тіпті маған оның бернеше жыл бұрын қаза болғаны туралы анықтама да берді. Мен оның тірі екенін дәлелдеуге тырыстым, ол қалай қайтыс болады, егер бір ай бұрын қыз босанса? Ол тірі әрі дені сау. Бірақ ХҚКО мені тыңдағысы келмейді, қаза болған, болды деп шығарып салады", - дейді әйелдің жолдасы.

Оның айтуынша, босанғанға дейін әйелі жұмыс істеген, декреттік демалысын рәсімдеген, тұрғын үй кезегіне тұрған, тіпті банктен несие алған. Еш жерде оны қайтыс болды деп есептемеген. "Енді осы адам шошырлық қателіктен кейін менің қызыма туу туралы куәлік бермей отыр. Сотқа жүгініңіз дейді, бірақ оның бәріне уақыт керек. Ал сәбиге құжат қазір керек емес пе?",- дейді Е.Алтыбазаров.

Өзі "өлді" деп есептелген ана ХҚКО қызметкерлерінің бұл қателігін былай аңғаратын секілді. Әйелдің айтуынша, 2011 жылы оның туған әпкесі қайтыс болған. "Құжат бойынша олар оны емес, мені жерлеп тастаған болуы мүмкін", - дейді Сымбат Бердалина.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай