28 наурыз 2019 13:15

Қызылорда облысында әуе апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысында әуе апатынан қаза тапқандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысында әуе апатынан қаза тапқандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 наурызда әскери борышын өтеу кезінде 13 адам қаза тапты:

Майор Роман Костыгов 
26.04.1985

Майор Тимур Кұдайбердиев
17.09.1985

Лейтенант Аслан Айтбаев
10.11.1994

Майор Данияр Қонырбай
10.11.1985

Майор Сабыр Тоқбаев
15.12.1977

Капитан Сырым Мәсәлім
11.12.1989

3 санатты сержант Қайрат Нұрсапанов
8.10.1973

Аға сержант Мұрат Шәріпов
04.01.1979

Кіші сержант Асхат Абдулманат
21.09.1982

Ефрейтор Айдын Әбділдинов
11.12.1978

Ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев
08.09.1986

Ефрейтор Өмірхан Қауқаев
21.08.1990

Ефрейтор Мирас Жұматаев
10.02.1991

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлағаны хабарланған еді. 

"2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды. 

Кейін тікұшақ апаты болған жерде куәгерлер түсірген видео жарияланды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети