03 желтоқсан 2019 09:10

Қызылорда облысында автобус аударылды: Қаза тапқандардың саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі © ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Қызылорда облысында автобус аударылып, 6 адам қаза тапқан, ал бұған дейін олардың саны төртеу еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысында автобус аударылып, 6 адам қаза тапқан, ал бұған дейін олардың саны төртеу еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"07.59 жағдайында оқиға орнында қаза тапқан алты адамның денесі табылды. 22 адам зардап шекті, олар автобустан шығарылды. Құтқарушылар апат-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

"Жол апатына жол қозғалысы ережесін сақтамау және мұзтайғақ себеп болуы мүмкін. Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі ("Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы") бойынша жүріп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды", - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада. 

Еске салайық, 50 жолаушысы бар автобус  3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл автожолында аударылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети