22 шілде 2015 21:35

Қызылорда облысында жанармай бекеті жарылды: Бірнеше адам өлім аузында жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"КТК" кадры ©"КТК" кадры

Қызылорда облысында жанармай бекеті отқа оранды. Жанған аумақ "Аралтұз" кәсіпорнына тиесілі. Ал оқыс оқиға салдарынан 3 қызметкері ауыр жарақат алып, хал үстінде жатыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Куәгерлердің айтуынша, күндіз бекетте бір қондырғы атылып, соңы алапат өртке ұласыпты. Будақтаған түтін бірнеше шақырым жерден көрінді. Үш жұмысшы жалынға оранған резервуардан өздері шығып, ауруханаға да өз беттерімен жетіпті. Қазір барлығы Арал аудандық ауруханасында жатыр. Денелерінің 90 пайыздайы күйіп қалған азаматтардың жағдайлары өте ауыр. Туыстары оларды мамандандырылған медициналық мекемеге ауыстыруды өтініп отыр. Ал дәрігерлер хәл үстінде жатқан сырқаттарды тасымалдайтын санавиацияның ұшағын шақырта алмай  әлек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети