09 тамыз 2017 12:07

Қызылорда облысында полицей мен үш ер адамның қақтығысы түсірілген видеоға қатысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қызылорда облысында полицей мен үш ер адамның қақтығысы түсірілген видеоға қатысты түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысында полицей мен үш ер адамның қақтығысы түсірілген видеоға қатысты түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік ІІД өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалхатқа берген жауабында оқиғаның 3 тамызда шамамен сағат 23.00-де болғаны айтылады.

"Видеода ер адам мас күйінде орталық алаңда орналасқан полицияның стационарлық пунктінің есігін теуіп, олардың намысына тиіп, қоғамдық тәртіп бұзушылықты тоқтатпақшы болғандарға бағынбайды", - деді ІІД өкілдері.

Қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша, полиция қызметкері ҚР "Құқық қорғау қызметі туралы" заңының 60-бабы 1-бөлігіне сәйкес, физикалық күш қолданған. Ол тәртіп бұзушының әрекетін тоқату үшін күш қолданды -  "Жеке тұлғаларға, қызметкерлерге және қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген өзге де адамдарға жасалған шабуылды тойтару".

Сондай-ақ, полицей күш қолданған ер адамның қоғамдық жерде мас күйде болғаны белгілі болды.

"Бұл дерек Ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Тәртіп бұзушы 3 тамызда ішкі істер органдарына жеткізілді, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша шаралар қолданылды. Осы дерек бойынша полицияның әрекетінің қаншалықты дұрыс екеніне баға беру үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қызылорда облыстық ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қызылорда облыстық ІІД полицей мен үш ер адамның төбелесі түсірілген видеоны тексеріп жатқаны хабарланған еді. 

Видеодан полицейдің бастапқыда бір ғана ер адаммен төбелесіп жатқаны, кейіннен ол төбелеске тағы бір ер адамның қосылғаны көрінеді. Ал видеоның соңында басқа бір полицейдің өтіп бара жатқан адамның велосипедін тартып алғанын байқауға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети