05 ақпан 2020 09:11

Қызылорда облысында түнгі уақытта ата-ана баласын тасжолда ұмытып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Қызылорда облысында Самара - Шымкент тасжолында полицейлер белгісіз баланы тапты, ол түнгі уақытта жол бойында жалғыз өзі кезіп жүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қызылорда облысында Самара - Шымкент тасжолында полицейлер белгісіз баланы тапты, ол түнгі уақытта жол бойында жалғыз өзі кезіп жүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Шиелі ауданындағы Сунақ ата ауылының маңында баланы байқаған. Оны дереу полиция бөлімшесіне жеткізіп, ата-анасы туралы сұрай бастаған. 

Тоғыз жастағы бала көлікте ата-анасымен бірге кетіп бара жатқанын айтты. Жол-жөнекей көлік аялдап, ата-анасы сыртқа шыққан. Бала да көлік тоқтағанын сезіп, ұйқылы-ояу сыртқа шыққан. 

Ата-анасы баласының көліктің артқы бөлігінде отыр деп, ары қарай жүріп кеткен.

Баламен сөйлескеннен кейін, полицейлер оның ата-анасын іздей бастаған. Кейінірек баланың ата-анасы табылды. Полицейлер баланы әке-шешесіне тапсырды. Олар сол кезде ғана өз салғырттығынан баласынан айырылып қалуы мүмкін екенін сезінген. 

Олар Ресей азаматтары екен және Тәжікстанға қарай бағыт алған. Олар баланың ата-анасы екені туралы барлық құжатты көрсеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети