02 ақпан 2015 11:25

Қызылордада Өзбекстанның 31 азаматы көші-қон заңнамасын бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі ©Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қызылордада Өзбекстан Республикасының 31 азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қызылордада Өзбекстан Республикасының 31 азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өзбекстанның 31 азаматының Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің арнайы шолу жұмысы кезінде әшкереленді. "Қызылорда қаласында бір мекенжай бойынша уақытша тіркеуге тұрып, алайда ішкі істер органдарын хабардар етпей, облыстағы басқа мекенжай бойынша қоныс аударған 27 шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы, 2-бөлігімен және уақытша тіркеу мерзімі өткеннен кейін еліміздің аумағынан кетуден жалтарған 4 азаматқа қатысты осы кодекстің 517-бабы, 4-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. 

Әкімшілік сот қаулысымен шетелдік азаматтар әртүрлі мерзімдерге, яғни 1 тәулік және одан жоғары мерзімдерге әкімшілік қамауға алынып, біреуі республика аумағынан шығарылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жылдың басынан бері көші-қон полициясы құрылымдары көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін алыс және жақын шетелдердің 176 азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында Қытайдың заңсыз жүрген 38 азаматының ұсталғаны хабарланған еді. Облыстық соттың мәліметінше, бұл азаматтар Қазақстанға өткен жылдың 10 қыркүйегі күні "Алматы" бақылау-өткізу пункті арқылы кіргені айтылған. Олардың келу мақсаты "ВСП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне консультациялық қызмет көрсету деп көрсетілген. Келу мерзімі - 2015 жылдың 15 тамызына дейін. Бірақ олар келгеннен кейін ішкі істер органдарында уақытша тіркелмеген. Осылайша, олар елде болу мерзімін шамадан асырып, Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети