25 қазан 2017 17:42

Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден екі баланы алып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kostanaytany.kz © kostanaytany.kz

Қызылордада полиция қызметкері өрттен екі баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысыныңІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қызылордада полиция қызметкері өрттен екі баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысыныңІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін сағат 11:15 шамасында Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция капитаны Нұржанов Бауыржан Шымкент көшесінің бойындағы №24 үйдің жоғарғы қабатынан өрт шығып жатқанын көріп, дереу "101" нөміріне хабарлама береді. Өзі өрт шыққан пәтердің есігін сындырып, ішіне кіреді. Өзінен кейін оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Уалихан Исмаилов екеуі өртке оранған пәтер ішінен 5 және 6 жастағы балаларды алып шықты. Сол жерде балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметі өкілдерінің сөзінше, полицейлердің әрекеті арқасында ешкім зардап шекпеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети