25 наурыз 2015 09:36

Қызылордада салынып бітпеген үй құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орнында түсірілген сурет Оқиға орнында түсірілген сурет

Қызылордада салынып бітпеген бесқабатты үй құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.


Қызылордада салынып бітпеген бесқабатты үй құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 24 наурызда 17.20-да Шүкіров көшесінде болды. Төтенше жағдай кезінде құрылысқа он адам жұмылдырылған болатын, оның біреуі қаза тауып, екеуі жарақат алды. Біріншісі қалалық ауруханаға жеткізілсе, екіншісі ауруларды қабылдау бөлмесінде қаралғаннан кейін үйіне жіберілді.

"Іргетасының қаланған жері ашылып кеткендіктен, бетон қабырғалар құрылыстың ішіне қарай құлай бастады. Нысанның құрылысы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан. Үй салушы ұйымның үстінен ҚР ҚК 279-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген Қызылорда облысы әкімі аппаратының Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығының баспасөз хабарламасында.

"Оқиға орнында ТЖ жөніндегі облыстық департаменттің кинология қызметі жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, ІІД, ТЖД, Қызылорда облысы әкімі аппаратының Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығының 150-ге жуық маманы жұмылдырылған. Жедел медициналық жәрдемнің үш дәрігерлер бригадасы жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстары жүргізілу үстінде. Үйдің құлау себебі анықталуда, тергеу жүргізіліп жатыр. Қорытынды мәлімет қосымша жарияланады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың көктемінде Қарағандыда "Бесоба" ТК" құлаған болатын. Көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға 2009 жылы берілген еді. Негізгі құрылымдары орнынан қозғалып кеткеннен кейін ғимарат бастапқыда шытынап, ақырында құлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети