21 шілде 2017 14:57

Қызылордада он шақты адамды алдап соқты делінген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Қызылордалық полицейлер адамдардың сеніміне кіріп, ірі көлемдегі ақшаларын алаяқтықпен алып кеткен делінген 35 жастағы адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордалық полицейлер адамдардың сеніміне кіріп, ірі көлемдегі ақшаларын алаяқтықпен алып кеткен делінген 35 жастағы адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлерджің мәліметі бойынша, ер адамның үстінен Қызылорда қаласының 11 тұрғыны шағымданған. Алаяқ аздаған ақшаға түрлі көмектерін ұсынған. Ол жүргізуші куәлігін жасатам, жұмысқа тұрғызам, арзанға үй немесе жер телімін алып беремін деп бастапқыда азырақ ақша алып, кейін мүлде хабарласпай кеткен. Азаматтарға келген жалпы шығын көлемі 1 миллион 611 мың теңге. 

Алаяқ С.А. есімді азаматқа ірі көлемде келтірген. Ол 2016 жылы запрдап шегушінің Mitsubishi Galant маркалы автокөлігін сатып алмақ болып уәделеседі. "Анама көрсетіп келейін" деген сылтаумен кетіп қалып, құны 720 000 теңге тұратын өзгшенің мүлкін заңсыз иемденеді.

"Қазіргі таңда аталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен басқа да қала тұрғындарының жеке басы анықталуда. Егер де оның кінәсі толық дәлелденсе, онда мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. .

Осы жағдайларға байланысты полицейлер облыс тұрғындарынан жылжымайтын мүлік сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша келісімшарттар жасамас бұрын, заңгерлермен және құзырлы орган қызметкерлерімен кеңесіп, құжаттарды мұқият қарап, сақтық шараларына аса көңіл бөлулерін және осындай алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда уақытты босқа шығындамай ішкі істер органдарына арыздануларын сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети