Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қызылордада уланған сарбаздар емханадан шығарылды

29 Сәуір 2014, 22:36
0
Фото Tengrinews.kz©
Фото Tengrinews.kz©

Қызылордадағы облыстық жұқпалы аурулар емханасынан №5547 әскери бөлімінің уланып қалған барлық сарбаздары шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаеваға сілтеме жасап.

Тұрсынбаеваның айтуынша, барлық сарбаздар толық емделіп шыққан. Жалпы сарбаздардың диагнозы - ішек инфекциясы деп қойылды. Дегенмен, 27 әскери қызметкерде "Флекснер дизентериясы" анықталса, қалған 25 сарбаздың диагнозы анықталмады. Әскери прокуратура әскерлердің улануына байланысты қылмыстық іс қозғауда. 

Еске салайық, 13 сәуірде Қызылордадағы №5547 әскери бөлімінің медициналық пунктіне жедел әрекет ету қызметінің 22 әскери қызметкері хал-ахуалдарының нашарлап кетуіне байланысты шағымданып келген. Ал, 14-15 сәуірде осыған ұқсас ауру белгілерімен дәл осы әскери бөлімнен 29 әскери қызметкер инфекциялық ауруханаға түскен.

Қызылорда санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мәліметінше, әскери қызметшілердің улануына қалалық су желілерімен берілетін ауызсудың санитарлық нормаларға сай келмеуі себеп болуы мүмкін. Бірақ Қызылорда қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Өйткені, 7 сәуір күні әскери бөлім орналасқан аймақта су құбыры тесіліп, нәтижесінде әскери бөлімге су берулі уақытша тоқтатылған. 

 

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай