22 қараша 2019 09:04

Қызылордада үш адамды көлік қағып өлтірді: Қаза тапқандар бір отбасынан болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қызылордада Назарбаев даңғылындағы аялдамада болған жол апатынан бір отбасының балалары қаза тапқаны анықталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Қызылордада Назарбаев даңғылындағы аялдамада болған жол апатынан бір отбасының балалары қаза тапқаны анықталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, 9 жастағы Кәусар мен 11 жастағы Нұрислам туған бауырлар. Балалар жол апаты болған күні қосымша сабаққа бара жатқан екен. Кәусар би мен ән сабағына барса, Нұрислам күреспен айналысқан.

"Біздің үш оқушымызбен сұмдық жағдай болды. Бір отбасынан шыққан балаларға көңіл айтамыз - Кәусар Зәуірбек пен Нұрислам Зәуірбек. Үшінші оқушымыз жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр", - деді № 12 мектептің меңгерушісі Мира Ибадуллаева.

Еске салайық, мұның алдында Қызылордада көлік жүргізушісінің аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтіргені хабарланған еді. Салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілген болатын. Кейінірек олардың жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети