АҚШ-та Лос-Анджелес соты Алматы әкімдігінің бұрынғы әкім Виктор Храпуновқа қатысты 300 мың доллар өндіру туралы арызын қараудан бас тартты, - деп хабарлайды Courthouse news service. Сот өкілдері сот процесінің Швейцарияда өтуі тиіс екендігін айтты. Еске салайық, Виктор Храпунов қалалық мүлікті сату есебінен жүздеген миллион долларды жымқырды деп айыпталып отыр.

Экс-шенеуніктің бұған дейін бұл істі америкалық сотта қараудың мүмкін емес екенін мәлімдегені айтылады. Судья Фернандо Олгайн (Fernando Olguin) бұл позицияны қолдады. "Швейцария - процесс өткізуге дұрыс орын ғана емес, сонымен қатар, осы істің деректері мен жағдайларын негізге алсақ, ақылға қонымды әрі ыңғайлы. Жеке және қоғамдық мүдделер істің сол жақта қаралуына әкеліп отыр. ", - деп мәлімдеді судья.
Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйлә Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Ләйләға ірі көлемді алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.