1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Магнитудасы 4,6-ға тең жер сілкінісі Алматыдан 342 шақырымда болды

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Алматыдан 342 шақырым қашықтықта жер сілкінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 14 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 04.54-те тіркелді. Магнитудасы 4,6 болды, энергетикалық класы - 10,3. Тербелістің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 342 шақырымда, Қырғызстан аумағында орналасқан. 

Жерасты дүмпулерінің МSК-64 шкаласы бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін 12 қаңтар күні 05.43-те Алматыдан 424 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі тіркелген болатын. Эпицентрде зардап шеккендер мен қираған нысандар болған жоқ.