03 желтоқсан 2014 19:26

Маңғыстау облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің экс-басшысы сот алдына келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Маңғыстау облысы мемлекеттік қызмет істері департаменті экс-басшысының пара алуы туралы істі сот қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс сотының ресми сайтына сілтеме жасап. 


Маңғыстау облысы мемлекеттік қызмет істері департаменті экс-басшысының пара алуы туралы істі сот қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс сотының ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Ақтау қалалық сотына Оспановты ҚР ҚК 311-бабының 4-бөлігінің "г" тармағында қарастырылған (бірнеше мәрте пара алу) қылмысты жасауға айыптау жөніндегі және ҚР ҚК 313-бабының 1-бөлігі бойынша (пара алуға делдал болу) айыпталған Ыхсанова мен Құразованың істері түсті", - делінген сайтта. 

Тергеудің мәліметінше, Еркін Оспанов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жетекшісі бола тұра мемлекеттік қызметке үміткерлер тестінде оң нәтижеге жеткізу үшін олардан бірнеше рет ақшалай сыйақы алған. Ыхсанова мен Құразова - Оспановтың орынбасарлары. Негізгі сот отырысы 2014 жылдың 11 желтоқсанына жоспарланған. 

Айта кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz Маңғыстау облысы тәртіптік кеңесі қызметкерлеріне қарсы сегіз қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети