Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Маңғыстау облысында болған жол апатынан үш адам тірідей өртеніп кетті

23 Қыркүйек 2015, 14:19
0
© Lada.kz
© Lada.kz

Ақтау мен Жаңөзен арасындағы трассада жол-көлік оқиғасы болып, үш адам өртеніп кетті, - деп хабарлайды Lada.kz. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Апат 20 қыркүйекте, сағат 07.00 шамасында Қарақия маңында болды. Болжам бойынша, Lada Priora Жаңаөзенге бағыт алған. Жөндеу жұмыстары болып жатқан жерде автомобиль тасқа соғылып, көліктің ішіндегі газ баллоны жарылады. Салдарынан автомобиль ішінде болған үш адам тірідей өртеніп кетті.

Төтенше жағдай болған жерге дереу жеткен полицейлер жолаушылар мен жүргізушіні құтқаруға тырысты. Дегенмен олар кеш қалып қойды. Өртті ТЖД қызметкерлері өшірді. Адамдардың денелері молекулярлық-генетикалық сараптамаға жіберілді. Полиция өкілдері жүргізушінің Ақтаудың 21 жастағы тұрғыны екендігі анықталғанын айтты. Сол күні жас жігіт анасына айтпастан үйден кетіп қалған. Ол Жаңаөзенге әйеліне бара жатқан екен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай