20 наурыз 2015 11:36

Маңғыстау облысында браконьерлерден 100-ге жуық құнды балық тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©rybaza.ru ©rybaza.ru

Маңғыстау облысында браконьерлерден 100-ге жуық құнды балық тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шарушалығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Маңғыстау облысында браконьерлерден 100-ге жуық құнды балық тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шарушалығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері рейд шараларын жүргізу кезінде Подгорный аралында екі азаматты қорғауға алынған балықтарды аулап жатқан жерінде ұстады.

"Қайықты тексеру барысында 2 жәшік ау мен бекіретұқымдас 97 дана балық табылып, тәркіленді. Осы дерек бойынша жиналған материалдар құқық қорғау органына жолданды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Каспийде браконьерлер аулаған жеті итбалықтың табылғаны хабарланған болатын. Торға 7 итбалықтың тұтылып қалғаны анықталды, оның бесеуі тірі болғандықтан теңізге жіберілді. Ал тағы екеуінің жансыз денесі жағалауға шығарылды. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети