16 наурыз 2016 09:37

Маңғыстау облысында екі бүлдіршін уланып өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tumba.kz © Tumba.kz

Маңғыстау облысының ауруханасында төрт жасар ұл бала мен жеті жасар қыз бала қайтыс болды, - деп хабарлайды "Тумба". Оқиға 14 наурызда болған. 13 наурызда бүлдіршіндер ауруханаға улану белгісімен түскен екен.

Дәрігерлер оларды аман алып қала алмады. "Балалардың жағдайы өте ауыр болды. Болжам бойынша, балалар жеуге болмайтын тағамды пайдаланған. Жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінің қызметкерлері балалардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық тиісті шараны қолданды. Мамандардың күш салғанына қарамастан, балалардың жағдайы нашарлай берді. Жүректері тоқтап қалды", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау бөлімі жетекшісінің орынбасары Салтанат Жармаева.

Осы дерек бойынша Ақтау ІІБ қызметкерлері сот-медициналық сараптамасын тағайындады. Сараптама нәтижесінде балалардың неден қайтыс болғаны анықталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети