26 қазан 2015 | 20:23

Маңғыстау облысында ер адам көзіне шөп салған әйелін өртеп, асылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cheboksary.ru © cheboksary.ru

Маңғыстау облысының тұрғыны өзінің азаматтық некедегі әйелін өртеп, өзіне қол салды. Бұл мәліметті облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын әзірше айтпай отыр, алайда кейін толығырақ комментарий беруге уәде берді.

Ал жергілікті "Лада" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, оқиғаның Мұнайлы ауданындағы Жаңа Дәулет ауылында болғанын нақтылады. Ер адамның бұл әрекетке баруына негізгі себеп деп азаматтық некедегі әйелінің көзіне шөп салуы айтылады. Сүйіктісінің адал еместігін білген 30 жастағы ер адам дау шығарған. Бастақыда ол әйелін ұрып-соққан, кейін үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. 27 жастағы қыз ауырсынып, есінен танып қалған. Ер адам оны өлдіге санап, қораға барып, асылып қалыпты.  

Зардап шеккен келіншектің бетінің, мойнының және иығының 15 пайызын күйік шалған, дәрігерлер оған операция жасады және қазір оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети