Маңғыстау облысында № 4 өндірістік аймақта жол-көлік оқиғасы болды. Екі көліктің соқтығысуынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".

14 мамырда таңғы 07:30-да жолда Daewoo Nexia және Toyota Hilux автокөліктері соқтығысты.
Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Daewoo Nexia жүргізушісі алдындағы көлікті озып өтпекші болып, жолдың қарсы бетіне шыққан. Осы кезде бетпе-бет Toyota Hilux автомобилі шыға келген.
Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық бақылаудан өткен олар үйлеріне жіберілді.
Іс материалдары әкімшілік сотқа жіберіледі.