10 шілде 2019 14:48

Маңғыстауда екі бала құдыққа түсіп кетіп, мерт бола жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет Иллюстрациялық сурет

Маңғыстау облысының дәрігерлері әр түрлі уақытта құдыққа құлап кеткен екі баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды "Лада" облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Маңғыстау облысының дәрігерлері әр түрлі уақытта құдыққа құлап кеткен екі баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды "Лада" облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылы 3 шілдеде бір жасар бала облыстық балалар ауруханасына ауыр халде жеткізілді.

"2018 жылы дүниеге келген бала құдықтағы суға тұншығып қалған. Ата-анасының айтуынша, бала Тельман ауылындағы үйлерінің ауласындағы құдыққа құлап кеткен. 

Дәл осындай жағдай 2019 жылы 30 маусымда тіркелген. Мұнайлы ауданындық балалар ауруханасына аса ауыр халде 2016 жылғы бала жеткізілген. 

Дәрігерлербаланы дереу жансақтау бөліміне жатқызған. Бала бір тәуліктен аса комада болған. Қуанышқа орай реаниматологтар баланы комадан алып шыққан. Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы жақсы. Ата-анасының айтуынша, оны құдықтан алып шыққан. Алайда оның онда қанша жатқаны белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети