26 желтоқсан 2014 13:33

Маңғыстауда Люксембург азаматының неден өлгені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©podrobnosti.ua ©podrobnosti.ua

Маңғыстауда мәйіті табылған Люксембургтің 39 жастағы азаматы суық тигеннен қайтыс болған, - деп хабарлайды Lada.kz  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаза болған шетел азаматының саяхатшы болғаны анықталды.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл - алдын ала мәлімет қана. "Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр, саяхатшының өліміне қатысты нақты деректер тергеу аяқталған соң белгілі болады", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.

Айта кетейік, 26 желтоқсанда Ақтау - Ақшұқыр тас жолында Peugeot автокөлігінен Люксембургтің 39 жастағы азаматының өлі денесі табылды. Мәйітте қылмыстық жолмен өлтіру белгілері болған жоқ.

Есте сала кетейік, бұған дейін Атырау қаласынан Ұлыбритания азаматының мүрдесі табылған болатын. 1965 жылы туылған Ұлыбритания азаматының өлі денесі жатаханадан табылды. Полиция "алдын-ала жасалған болжамдар бойынша бұл азамат жүрек талмасынан қайтыс болуы мүмкін", деді. Ол Қазақстандағы "Атырау-Болашақ" компаниясында жұмыс істеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети