02 қазан 2014 15:08

Маңғыстауда прокурор орынбасарының қатысы бар жол апатынан 2 адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов ©  Фото Тұрар Қазанғапов ©

Маңғыстау облысында прокурор орынбасарының қатысы бар жол-көлік оқиғасынан екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Лада". Айта кетейік, жол апаты 25 қыркүйек күні болған, алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр. 


Маңғыстау облысында прокурор орынбасарының қатысы бар жол-көлік оқиғасынан екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Лада". Айта кетейік, жол апаты 25 қыркүйек күні болған, алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр. 

Ақтау - Жаңаөзен тас жолында Toyota мен ВАЗ көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан алған дене жарақатынан оқиға орнында ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылған. Ал Toyota көлігін Қарақия ауданы прокурорының орынбасары басқарған, нақ сол кезде ол өз қызметтік міндетін атқарып жүрген. Оның сол жақ сан сүйегі жабық сынып (шытынап сыну), жамбас сүйегі сынып, басқа да дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған. Toyota көлігінің жолаушылары алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілген. 

Маңғыстау облыстық ІІД бұл жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. "Қазіргі таңда департамент жол апатына кінәліні анықтау үшін алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуде, сот-автотехникалық, сот-медициналық, химико-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Тергеудің басқа да қажетті шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.  

Бұдан бөлек, Маңғыстау облыстық прокуратурасы жол-көлік оқиғасына байланысты қызметтік тексеру жүргізуде. Toyotа көлігінің жүргізушісі қызметінен босатылды. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, прокурор орынбасары жол апаты кезінде ішімдік ішпегені дәлелденді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети