01 қаңтар 2020 12:09

Маңғыстаудың орталығында 17 метр шырша өртеніп кетті

Маңғыстау облысында 17 метр жасанды шырша өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Маңғыстау облысында 17 метр жасанды шырша өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сағат 06:10-да Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылының орталығында 17 метр жаңа жылдық жасанды шырша өртенді. Өрт 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада. 

Өрттің алдын ала болжамы - электр сымдарының тұйықталуы.

Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамының бес адамы және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, сағат 00:31-де Алматыдағы Жұмалиев көшесінде орналасқан Grand Asia бизнес орталығында түтін шыққан. Өрт сөндірушілері 1-қабаттан 12-қабатқа дейінгі керамогранит астындағы жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанғанын анықтады.

Өрт сағат 02:18-де сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт шығуының алдын ала себебі - пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети