1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

"Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлаған қызды ауруханадан шығарады03 қараша 2017, 12:07

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда "Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлаған қызды ауруханадан шығарады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Ведомство мәліметінше, қыздың денсаулығының жақсаруына байланысты бүгін, 2017 жылдың 3 қарашасында қызды ауруханадан шығару жоспарланып отыр. 

Осыған дейін екі жасар баланың жағдайы ауыр екені хабарланған еді. Сәби жансақтау бөліміне түскен болатын. 

№1 балалар клининкалық ауруханасына түскен балның диагнозы мынадай еді: ауыр жарақат алған, бас сүйек миы қатты зақымданған, маңдайындағы сйектері сынған, субдуральді гематома, аяғы, саусақтары сынған, ішкі ағзасы  және кеудесі зақымданған.

Еске салайық, 12 қазанда Түрксіб ауданындағы "Март" сауда орталығында төтенше жағдай болған - бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Әйел адам айғайлады. Барлығы сонда жүгірді. Бір бала бесік арбада болған, ал екіншісін көтеріп келе жатқан. Ол төртінші қабатқа эскалатормен көтеріліп келе жатқанда қолындағы баласы құлап кеткен еді.